01 мамыр 2017 11:49

Қырғызстанның оңтүстігінде тағы да лай көшкіні жүрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Үзген ауданында тағы да лай көшкіні жүрді. 30 сәуірде Жалпақ-Таш ауылдық округінде лай көшкіні 10 үйді басып қалды, - деп хабарлайды 24.kg Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, елді мекенде 61 үй бар. Олардың онын лай жауып қалған. Сондай-ақ, төрт әлеуметтік нысанға қауіп төнгені айтылады - мектеп, балабақша, мешіт және  фельдшерлік-акушерлік пункт.

Еске салайық, сенбі күні Аюу ауылындағы 11 үйді шамамен 200 мың текше метр көшкін лай жауып қалған болатын. ТЖМ мәліметінше, жеті үйде тұрып жатқан 24 адам көшкіннің астында қалып қойған. Олардың барлығы қаза тапқан. Артында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ал 30 сәуір Қырғызстанда аза тұту күні болып жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети