26 ақпан 2014 16:18

Қырым тұрғындары жаңа билікті мойындамауды талап етуде

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қырым тұрғындары Симферопольдегі Қырым Жоғарғы кеңесі ғимараты алдындағы наразылық шарасына қосылып жатыр, олар аймақ басшылығынан Украинаның жаңа мемлекеттік билігін мойындамауды талап етіп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап. Парламент ғимараты алдына 200-ге жуық адам жиналған. Олардың дені - орта жастағы ер адамдар. Митингке қатысушылар киімдеріне Георгий лентасын тағып алған. Наразы жұртшылықта қандай да бір басқа нышандар жоқ. Маңына кісі толған ғимаратты 160 милиционер күзетіп тұр. Құқық қорғау қызметкерлерінде қалқан, дулыға, шоқпар сияқты құралдар жоқ. Жоғарғы кеңес алдындағы алаңда Киевтегі жаңа билікті қолдайтын Қырымның қырым-татар қауымы қарсы митинг өткізгелі отыр. Аумақта автокөліктер жолы жабылған. Симферополь орталығында милиция патрульдері көбейді. Қоғамдық көлік, супермаркеттер, қаржы мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, халықта алаңдаушылық жоқ. Бұған дейін Жоғарғы кеңес алдында Қырым тұрғындарының депутаттардан елдің жаңа билігін мойындамауды талап еткен наразылық шарасы басталғаны хабарланған болатын. Наразылық білдірушілер Қырымның 1992 жылғы Конституциясын қалпына келтіруді де талап етіп отыр, бұл Конституция бойынша Қырымның өкілеттігі кеңейеді: республиканың өз президенті мен тәуелсіз сыртқы саясаты болады. Еске сала кетейік, Украина Президентінің өкілеттігі Жоғарғы Рада төрағасы Александр Турчиновке берілген болатын. Ал экс-президент Виктор Януковичке іздеу жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети