31 тамыз 2016 11:19

Қытай басшысы Ислам Кәрімовқа зор денсаулық тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rus.ozodlik.org © rus.ozodlik.org

ҚХР Президенті Си Цзиньпин Ислам Кәрімовқа денсаулығының жақсаруын тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Өзбекстан Президентінің сайтына сілтеме жасап.


ҚХР Президенті Си Цзиньпин Ислам Кәрімовқа денсаулығының жақсаруын тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Өзбекстан Президентінің сайтына сілтеме жасап.

"Өзбекстан Республикасының егемендігіне 25 жыл толуына орай қытай халқының және өз атымнан сізге және достас Өзбекстан халқын шын жүректен құттықтаймын. 25 жылдың ішінде президент мырзаның тұрақты басқаруының арқасында тұрақтылық, экономикалық үдеріс, халықаралық елдер арасында беделі жоғарылап, мемлекеттік құрылымы нығая түсті. Көріп отырғанымыздай, мемлекет басшысы өмірлік күшке ие, сондықтан ол кісінің жасағаны барлығымызға үлгі", - делінген Қытай басшысының Ислам Кәрімовқа жолдаған хатында.

"Мен қытай-өзбек қарым-қатынастарын және екеуіміздің достығымызды өте жоғары бағалаймын. (...) Еліңізге өркендеп, қуатты бола түсуін тілеймін, халқыңызға бақыт пен амандықты тілеймін. Президентке мықты денсаулық және жұмыста табыс тілеймін!", - делінген хатта.

Сондай-ақ Өзбекстан Президентінің сайтында Барак Обаманың хаты жарияланған. "Екі ел арасында серіктестік қарым қатынастар 1991 жылы 25 желтоқсанда Америка Құрама Штаттары Өзбекстанның егемен ел екенін бірінші болып мойындағаннан бері жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Екі ел арасындағы қарым-қатына болашақта да өз жалғасын табады деп сенемін", - делінген АҚШ президентінің жолдауында.

Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылды. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева Facebook желісінде әкесінің миына қан кеткенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети