09 қаңтар 2015 18:42

Лаңкестер ешкімді кепілге алған жоқ - Франция полициясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арнайы операция өтіп жатқан жер. ©bbc.com Арнайы операция өтіп жатқан жер. ©bbc.com

Франция ішкі істер министрлігі Charlie Hebdo журналы редакциясына шабуыл жасауға күдікті ағайынды Куашилердің адамдарды кепілге алғаны туралы ақпаратты растамады, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның ресми өкілі Пьер-Анри Брандеге сілтеме жасап. 


Франция ішкі істер министрлігі Charlie Hebdo журналы редакциясына шабуыл жасауға күдікті ағайынды Куашилердің адамдарды кепілге алғаны туралы ақпаратты растамады, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның ресми өкілі Пьер-Анри Брандеге сілтеме жасап. 

"Олар біреуді кепілге алған жоқ па дейсіздер ме? Қазіргі уақытта біз бұл ақпаратты ресми әрі нақты түрде растай алмаймыз", - деді Бранде журналистерге. Ол жұма күні ағайынды Куашилерді ұстау кезінде адамдардың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы ақпараттың да жоқ екенін де айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін ақпарат құралдары Францияда лаңкестік жасауға күдіктілерді ұстау кезінде 2 адам қаза тауып, тағы 20 азамат жарақат алды деп хабарлаған болатын. Ал бұған дейін күдіктілердің бірнеше адамды кепілдікке алғаны да хабарланды. Бірақ Париж прокуратурасы бұл ақпараттарды растамады.

Сонымен бірге, бұған дейін полицияның антитеррорлық жасағы қызметкерлерінің күдіктілердің ізіне түскені хабарланған еді. AFP Париждің солтүстік-шығысындағы автобанда Peugeot 206 мінген күдіктілердің полицейлермен атысқаны туралы ақпарат таратты. Ақпарат құралының мәліметінше, Шарль де Голль атындағы әуежайдың екі ұшу-қону жолағы күдіктілерді ұстау операциясына байланысты жабылды. Қазір Париждің тыныштығы кетіп тұр. Жергілікті ақпарат құралдары қаланың әр түкпірінде атыс дыбысы естіліп жатқанын хабарлап жатыр. 

Шериф пен Саид Куашилер. © AFP

РИА Новости араб мемлекетінің БАҚ-тарына сілтеме жасап, Ливан барлаушыларының еуропалық әріптестеріне Францияда лаңкестікке дайындық жүріп жатқанын алдын ала ескерткенін хабарлады. "Ас-Сафир" газетінің мәліметіне қарағанда, арнайы қызметтер бірқатар исламшыл топтардың Францияда лаңкестік жасауға дайындалып жатқаны жайлы мәлімет алған. Бұл іспен Сириядан оралған немесе сириялық топтармен байланысы бар содырлар айналысқан. Басылымның мәліметінше, француздың арнайы қызметтері бұл хабарды елемеген.

"Ас-Сафир" газеті Еуропа барлау агенттіктерінің Ливандағы әріптестеріне жолдаған жауап хатын жария етті. "Біз сіздердің ескертулеріңіз бен мәліметтеріңізді назарға алмай, қателестік", - делінген хатта. "Бізге келген мәлімет Францияда жаңа лаңкестік әрекеттердің дайындалып жатқанын көрсетті, олар Charlie Hebdo редакциясына жасалған шабуылдан да ауыр болуы мүмкін", - делінген Ливан барлау агенттігі өкілдерінің жауап хатында. Арнайы қызметтер өз әріптестеріне Францияның дипломатиялық миссия және Ливанның батысындағы өзге де елшіліктерінде күзетті күшейтуге кеңес берді.

Еске сала кетейік, 7 қаңтар күні Парижде жантүршігерлік лаңкестік әрекет болған еді. Charlie Hebdo басылымының редакциясы отырған ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, адамдарды ата бастады. 12 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды. Лаңкестер сатира басылымын шығарушы белгілі карикатурашылардың бәрін дерлік өлтірді. Полиция қылмысқа күдіктілердің фотосуреттерін жария етті. Олар - 32 және 34 жастағы ағайындылар - Саид және Шериф Куашилер. Полиция олардың бірінің жеке куәлігін тапты. Қылмысқа қатысы бар үшінші адам - 18 жастағы Хамид Мурад оқиға кезінде лаңкестерді машинада күтіп отырған. Ол полицияға өз еркімен беріліп, алибиі бар екенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети