07 қараша 2014 09:36

Латвияның сыртқы істер министрі гей екенін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эдгар Ринкевич. ©Wikimedia.org Эдгар Ринкевич. ©Wikimedia.org

Латвияның сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич өзінің гей екенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Латвияның сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич өзінің гей екенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен өзімнің гей екенімді мақтанышпен жария етемін", - деді Ринкевич Twitter желісіндегі парақшасында.

Lenta.ru басылымының хабарлауынша, Латвияның СІМ басшысы 2011 жылы жеке өмірін қоғамдық өмірден бөліп қарайтынын айтып, отбасына қатысты сұраққа жауап беруден бас тартқан. Журналистер 41 жастағы саясаткердің неліктен әлі күнге дейін анасымен бірге бойдақ өмір сүретінін сұрастырған еді.  

2011 жылы Латвияда біржынысты некені заңдастыратын заң жобасы жасалып жатқан, бірақ ол парламентке жетпей қалды. 2012 жылдың мамыр айында Латвияның әл-ауқат министрі Илза Винькеле біржынысты жұптарды тіркеу керектігін айтты. Кейін Ригада өтіп жатқан кезекті гей-шеру кезінде Латвия қорғаныс министрі Артис Пабрикс біржыныстылар қатынасын заңдастыруға қолдау білдірді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети