01 наурыз 2022 14:46

Лукашенко: Беларусь Украинадағы арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь Украинадағы арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Белтаға сілтеме жасап.


Беларусь Украинадағы арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Белтаға сілтеме жасап.

Лукашенко қазір операция бес бағытта жүргізіліп жатқанын айтты: Қырым, Донецк, Луганскіден Киев, Чернигов, Харьков бағытында.

"Сонымен қатар, Беларусь армиясы соғыс қимылдарына қатысқан жоқ және қатыспайды. Мұны кез келгеніне дәлелдей аламыз.", - деді ол.

"Оның үстіне, Ресей басшылығы қарулы қақтығысқа қатысуымыз туралы мәселені ешқашан көтерген емес. Украинадағы бұл арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқпыз. Ондай қажеттілік жоқ. Өз күштерімізбен Бресттен Мозырға дейінгі мемлекеттік шекараны жауып, елге радикалдар мен қару-жарақтардың әкелуіне жол бермейміз", - деді Лукашенко.

Бұған дейін Беларусь әскерлері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайтыны, бірақ қажет болған жағдайда келуі мүмкін екені айтылған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети