16 наурыз 2014 21:04

Малайзия Қазақстаннан радар мәліметтерін алғысы келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет france24.com сайтынан алынды Сурет france24.com сайтынан алынды

Малайзияның көлік министрі Хисамуддин Хусейн Malaysia Airlines әуекомпаниясының жоғалған Boeing 777 ұшағын іздеуші мемлекеттер саны 25-ке жеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz сайты "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне сілтеме жасап. Куала-Лумпурде өткен баспасөз мәслихатында: "Іздеу операциясына қатысушылар саны 14-тен 25-ке жетті", деді ол. Министр мүмкіндігінше іздеу аумағын кеңейте түсу керектігіне тоқталды. Оның айтуынша, малайзия билігі Қытай, Таиланд, Вьетнам, Қазақстан және Пәкістан мемлекеттерінен іздеу операциясына өз септігін тигізетін радар мәліметтері мен спутниктік түсірілімдерді сұрастырып жатыр. Министр Малайзия билігі жоғалған ұшаққа қатысты аталған мемлекеттер тарапынан маңызды ақпараттар күтетінін де тілге тиек етті. Сондай-ақ, "Онсыз да күрделі операциямыз қиындап кетті" деді ол. Бортында 227 жолаушы, 12 экипаж мүшесі болған ұшақпен байланыс 8 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 02.40 үзіліп қалған-ды. Ол кезде ұшақ Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде ұшып келе жатқан еді. Boeing 777 Куала-Лумпурдан Пекинге бет алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети