20 қараша 2015 17:43

Малиде 170 адам кепілге алынған қонақүйде арнайы операция жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bbc.com © bbc.com

Мали астанасындағы 170 адам кепілге алынған Radisson Blu қонақүйіне әскери қызметкерлер шабуылды бастады, - леп хабарлайды BBC.


Мали астанасындағы 170 адам кепілге алынған Radisson Blu қонақүйіне әскери қызметкерлер шабуылды бастады, - леп хабарлайды BBC.

Кепілге алынған үш адамның қаза болғаны жайлы мәлімет ресми түрде расталып отыр - олардың ішінде екі малилік және бір Франция азаматы. Сонымен қатар, қонақүйден 20 адамның шығарылғаны белгілі. Алдын ала мәлімет бойынша, кепілге алынғандардың ішінде Turkish Airlines әуе тасымалдаушысының қызметкерлері, Қытайдың ондаған азаматы және Франция мен Үндістанның азаматтары бар.   

Еске салайық, Қонақүйде атыс таңғы уақытта болды. БАҚ мәліметінше, қылмыскерлер 170 адамды қонақүй ішінде кепілдікте ұстап отыр. "Олар шамамен 140 қонақ пен 30 қызметкерді ұстап отыр. Осылайша, қонақүйге кіру жолы қоршауға алынған, шығуға немесе кіруге мүмкіндік жоқ", - деді қонақүйлер тобының баспасөз хатшысы. Қазіргі уақытта ғимарат ішінде атыс жалғасып жатыр. Жергілікті БАҚ мәліметінше, қарулы адамдар қонақүй территориясына дипломатиялық номерлері көліктермен кіріп кеткен.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақүйінде қарулы адамдар кепілдікке алынғандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети