10 мамыр 2014 10:26

Мариупольде жол полициясының басшысы мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мариупольдегі әскери қақтығыстың салдарынан қаланың жол полициясы басшысы Виктор Саенко мерт болды, деп хабарлайды қалалық 0629 сайты. 


Мариупольдегі әскери қақтығыстың салдарынан қаланың жол полициясы басшысы Виктор Саенко мерт болды, деп хабарлайды қалалық 0629 сайты. 

Бұл ақпаратты халық дептутаты Олег Ляшко өзінің Facebook парақшасында жариялады. "Бүгін террористер Мариуполь қаласы жол полициясының басшысы Виктор Саенконы өлтірді. Соңғы бірнеше күнде мен онымен тығыз жұмыс істеген едім. Кеше ол террористерден қалалық кеңес ғимаратын қорғау барысында қатты жарақат алды. Жатқан жері жайлы болсын", - деп жазған Олег Ляшко.

Сонымен қатар депутат белгісіз біреулердің Мариуполь қаласының милиция басшысы Валерий Андрущукты ұрлап кеткенін хабарлады. "Ол антына берік болып, соңына дейін шайқасты. Қақтығыс болып жатқан ІІБ ғимаратынан оны алып кетуге тырысқан болатын. Бірақ, олардың көлігін джип автокөлігі кесіп, әскерилер жүргізушіні пышақпен жақаттап, ал Андрощукты белгісіз бағытта алып кеткен", -  деп жазған Украина президенттігіне үміткер.

Бұған дейін Олег Ляшко 9 мамыр күні Марипупольдегі әскери қақтығысы салдарынан Днепропетровск бригадасының командирі Сергей Демиденко өлтірілгенін хабарлаған. Саясаткердің айтуынша, Демиденконың өлі денесін қорлап, оның құлағын кесіп, көзін ойып алған. 

Еске салайық, 9 мамыр күні Мариуполде украиналық әскерилер мен федерализация жақтастары арасында қақтығыс орын алды. Сондықтанда Мариупольге әскери бронетехника жеткізілген. Ресми ақпарат бойынша қақтығыс салдарынан 7 адам қаза болып, 39 адам жарақат алған. Ал бейресми ақпарат бойынша мерт болғандардың саны 50-ден көп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети