12 маусым 2017 09:54

Мәскеу түбінде төрт тұрғынды атып өлтірген ер адамның соңғы хаты табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

"Кратов атқышы" өлім алдында хат қалдырып кеткен. Ер адам хатта әкесіне көршілерінен және жалпы өз өмірінен шаршағанын айтады, - деп хабарлайды L!FE.


"Кратов атқышы" өлім алдында хат қалдырып кеткен. Ер адам хатта әкесіне көршілерінен және жалпы өз өмірінен шаршағанын айтады, - деп хабарлайды L!FE.

Кратов ауылы Рамен ауылының төрт тұрғынын өлтіріп, құқық қорғау органдарының 5 қызметкерін жарақаттаған. Игорь Зенковтің өлім алдындағы хаты құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыскердің көзін жойған соң табылған.

Басылымның мәліметінше, Зенковтың хаты әкесі Юрийге арналады. Ер адам онда көршілерімен болған жағымсыз қарым-қатынасы жайлы, өмірінің оңай болмағанын, сондықтан шаршағанын айтады. "Өмір сүруден шаршадым", - деп жазған хатының соңында Зенков.

Еске сала кетейік, осыған дейін ер адамның ауған соғысына қатысқаны және полицияда қызметі еткені хабарланған, сол себепті де ол мылтық пен жарылғыш заттарды еркін қолданған. Оның психикалық ауытқуы болуы мүмкіні де айтылды.

10 маусымда жүргізілген арнайы операцияға құқық қорғау органдарының шамамен 250 қызметкері қатысқан. Алайда, соған қарамастан ер адам қоршауға алынған үйден сытылып шығып кеткен. Сол кезде қарулы күштер барлық аумақты тінтіп, оның қайда жасырынғанын тапқан. Сөйтіп, оны жан-жақтан қоршауға алып, түн жарымында көзін жойды. ІІМ өкілдері оның ұстау кезде белсенді түрде қарсылық көрсеткенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети