20 қыркүйек 2014 12:32

Михаил Саакашвили жұмыс барысына қатысты АҚШ-қа виза алуға әрекет жасауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Грузияның экс-перзиденті Михаил Саакашвили жұмыс барысына қатысты АҚШ-қа виза алуға ниеттеніп отыр,-деп хабарлайды Washington Post.


 Грузияның экс-перзиденті Михаил Саакашвили жұмыс барысына қатысты АҚШ-қа виза алуға ниеттеніп отыр,-деп хабарлайды Washington Post.

 Михаил Саакашвили Нью-Йоркте тұрып жатыр. Қазір ол ғұмырнама естеліктер мен жоғары ақы төленетін  еңбектер жазуда. Болашақта Саакашвили Тафсат университетінде дәріс оқуды жоспарлап отыр.


Грузияның экс-перзиденті өзінің туристік статусын осылайша өзгертуге тырысуда. Ол қазірде кафе-барларға барып, мамыражай өмір кешіп, өзінің жоғарғы қызметтегі достарымен кездесуде. Олардың арасында АҚШ-тың Орталық Барлау басқармасының (ОББ) бұрынғы директоры Дэвид Петрэус пен Францияның экс-президенті Николя Саркози бар.

Саакашвили АҚШ-тағы қымбатшылыққа шағым айтуда. Ол "мен кедей адам емеспін, бірақ мұндағы қымбатшылық шынымен де бармақ тістетеді" дейді.

Өз елінде Михаил Саакашвилиге іздеу жарияланған. Экс-перзидентке  "Грузияның мемлекеттік бюджетінен 5 млн долларды орынсыз жұмсады" деген айып тағылуда. Прокуратура органдарының мәліметінше, бұл қаржы аспаздың қызметіне, массаж жасатуға, шетелдіктер орналастырылған қонақ үй қызметіне ақы төлеуге, Италиядан қайық жалдауға кеткен.  Бұл бап бойынша саясаткерге 11 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Бұған қоса Михаил Саакашвилиге - қызмет бабын асыра пайдаланып оппозицияның акцияларын қолды етті және 2007 жылы 7 қарашада елдің парламент депутаты Валерия Гелашвилиді соққыға жықты деген айыптар да  қоса тағылуда. Бұл бап бойынша  қосымша 8 жылға бас бостандығынан айыру қосылады. 
Михаил Саакашвили өткен жылдың қараша айында жаңа перзидетті ұлықтау рәсімі өте салысымен елінен кеткен.  Ол өзіне тағылған айыптардың барлығын "саясаттағы қитұрқы әрекеттер" деп санайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети