04 қыркүйек 2017 13:33

Мьянма билігі БҰҰ-ның Ракхайн штатының тұрғындарына жеткізетін гуманитарлық көмегін тоқтатып тастады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Мьянма БҰҰ-ның Ракхайн штатының солтүстігіндегі мыңдаған тұрғынына өмірлік мәні бар азық-түлік, су және дәрі-дәрмекпен көмектесетін мекемелерін қайтарып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости Guardian газетіне сілтеме жасап. 


Мьянма БҰҰ-ның Ракхайн штатының солтүстігіндегі мыңдаған тұрғынына өмірлік мәні бар азық-түлік, су және дәрі-дәрмекпен көмектесетін мекемелерін қайтарып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости Guardian газетіне сілтеме жасап. 

Ракхайн штатында мьянмалық әскерилер мен қауіпсіздік күштері сол жақта тұрып жатқан рохинджа (рохинья) халқынан шыққан "ислам содырларына" қарсы операция жүргізіп жатыр. Мьянма билігі этникалық бенгалдардан тұратын рохинджа халқын заңсыз мигранттар деп есептеп, олардың көпшілігіне ел азаматтығын беруден бас тартып отыр. 

Газеттің мәліметінше, БҰҰ-ның Мьянмадағы координатор-резидентінің кеңсесіне тауар жеткізу тоқтатылған. Бұл шешімін үкімет жәрдемді жеткізуді мүмкін қылмайтын қауіпсіздік пен шектеулер жағдайымен байланыстырып отыр. Кеңсе өкілдері билік мұндай жұмыстары жүргізуге рұқсат бермей отыр дегенді айтады. 

"Гуманитарлық операцияларды тез арада қайта жандандыру үшін БҰҰ билікпен тығыз байланыста", - деді кеңседегілер. Ал штаттың басқа аймақтарына гуманитарлық көмек тоқтатылмапты. ЮНИСЕФ, БҰҰ Халық қоныстану қоры және БҰҰ-ның босқындардың ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасында штаттың солтүстік бөлігінде бір аптадан аса уақыт бойы ешқандай жұмыс жүргізбеген. Билік виза беруді тоқтатып, халықаралық персоналдың жолына бөгет болыпты. 

Басылымның мәліметінше, Oxfam және Save the Children сияқты үкіметтік емес 16 гуманитарлық ұйымның өкілдері биліктің қақтығыс аймағына кіруді шектегенін хабарлаған. Мьянмадағы Гуманитарлық мәселелер координациясы жөніндегі Басқармасының өкілі Пьер перонның айтуынша, гуманитарлық ұйымдар Ракхайның солтүстік бөлігінде "зорлыққа ұшыраған мыңдаған адамның тағдырына зор алаңдаушылық білдіріп отыр". Ол мұқтаж адамдардың барлығына гуманитарлық көмек жеткізуді қалпына келтіру керектігін атап өтті. 

Еске сала кетейік, таяуда Мьянмада (ескі атауы - Бирма) үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілгенболатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы - Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 "содыр" қаза тапқан. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған. 

Айта кетейік, рохинджалар (рохинья) - этникалық мұсылман бенгалдар, оларды британ колониялық билігі Араканға XIX және XX ғасырдың басында көшірген. Халқының жалпы саны бір жарым миллион шамасында. Қазіргі уақытта олар Ракхайн штатындағы халықтың басым бөлігі. алайда олардың көпгшілігі Мьянма азаматтары емес.

Мұның алдында Түркия президенті Тайип Ердоған пікір білдіріп, Мьянмадағы оқиғаларды "мұсылмандар зұлматы" деп атаған болатын. Ал өз кезегінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бұл қантөгісті бүкіл әлем болып тоқтату қажеттігін айтқан еді.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Мьянмада қақтығыстар барысында қаза тапқан мұсылмандардың мәселесін көтеріп, қайғыға ортақтасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети