19 қыркүйек 2017 13:13

Мьянма лидері рохинджа мәселесі бойынша үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

До Аун Сан Су Чжи. © REUTERS До Аун Сан Су Чжи. © REUTERS

Мьянма лидері әрі мемлекеттік кеңесші, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжи Ракхайн штатында болып жатқан зорлықты айыптап, Мьянма билігінің Бангладештегі рохинджа босқындарына Ракхайндағы үйлеріне қайтып келуіне рұқсат беруге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Мьянма лидері әрі мемлекеттік кеңесші, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжи Ракхайн штатында болып жатқан зорлықты айыптап, Мьянма билігінің Бангладештегі рохинджа босқындарына Ракхайндағы үйлеріне қайтып келуіне рұқсат беруге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Аун Сан Су Чжи Мьянма парламентінде халыққа рохинджа мәселесі бойынша үндеу жасады. 

"Біз Ракхайн штатында болып жатқан қақтығысты айыптаймыз. Осы қақтығыста заң бұзғандардың барлығы өздерінің әрекеттері үшін заң жүзінде ең қатаң жазаға тартылады", - деді Аун Сан Су Чжи.

Үкімет атынан сөйлеген Мемлекеттік кеңесші Мьянма билігінің Ракхайн штатындағы бейбітшілікті, қауіпсіздікті, тәртіп пен тұрақтылықты орнатуға ниетті екенін мәлімдеді. Бангладештің Мьянмамен көршілес шекаралас аймақтарында жасырынып жүрген 410 мыңға жуық рохинджа содырларының тағдыры жайлы Аун Сан Су Чжи олардың Мьянмада тұрғылықты жері бойынша "верификация" кезінде құқығы расталса Ракхайндағы өз үйлеріне орала алатынын мәлімдеді. "Верификация процесін кез келген уақытта бастауға дайынбыз", - деді ол.

Мемлекеттік кеңесші 5 қыркүйектен бастап Ракхайнда қақтығыстың болмағанын, штат территориясын содырлардан тазарту бойынша қарулы күштердің операция жүргізілмегенін айтты.

Сондай-ақ, Аун Сан Су Чжи халықаралық қауымдастықтың назарын рохинджа жұртының Ракхайнда тұратын басым бөлігі қақтығыс шиеленіске кезде өз үйінен кетпегенін және Мьянма территориясында қалғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, таяуда Мьянмада (ескі атауы - Бирма) үкіметтік күштер мен рохинджа мұсылмандары арасында бір апта бұрын басталған қақтығыстың салдарынан 400-ден аса адам өлтірілген болатын. Жергілікті биліктің мәліметінше, қақтығыс "рохинджа содырларының" Ракхайн штатында (ескі атауы - Аракан) бірнеше полиция бекетіне және армия казармасына жасаған шабуылынан басталған-мыс. Мьянма әскерінің мәлімдемесінде 25 тамыздан бастап 90 қақтығыс болған, оның барысында 370 "содыр" қаза тапқан. Ал үкіметтік күштердің қатарында 15 адам мерт болған. 

Айта кетейік, рохинджалар - этникалық мұсылман бенгалдар, оларды британ колониялық билігі Араканға XIX және XX ғасырдың басында көшірген. Халқының жалпы саны бір жарым миллион шамасында. Қазіргі уақытта олар Ракхайн штатындағы халықтың басым бөлігі. алайда олардың көпгшілігі Мьянма азаматтары емес.

Мұның алдында Түркия президенті Тайип Ердоған пікір білдіріп, Мьянмадағы оқиғаларды "мұсылмандар зұлматы" деп атаған болатын. Ал өз кезегінде Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бұл қантөгісті бүкіл әлем болып тоқтату қажеттігін айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети