08 маусым 2017 10:10

Мьянмада жоғалған ұшақ теңізден табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AFP 2017 / Ye Aung Thu © AFP 2017 / Ye Aung Thu

Мьянмада жоғалған әскери ұшақ табылды, бортында қаза тапқан адамдардың мәйіті бар, - деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап. 


Мьянмада жоғалған әскери ұшақ табылды, бортында қаза тапқан адамдардың мәйіті бар, - деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап. 

"Жоғалып кеткен ұшақтың қирандылары мен бірнеше мәйіт таптық", - деп мәлімдеді мьянмалық армияның қолбасшысы Мин Аун Хлаинг.

Мьянманың оңтүстік жағалауынан Янгонға бағыт алған ұшақ Давэй қаласынан батысқа 20 мильде теңіз үстінен ұшып бара жатқан сәтінде радарлардан жоғалып кеткен болатын. Билік теңіз кемелері мен авиацияның көмегімен іздестіру-құтқару операциясын ұйымдастырды, алайда ұшақ жайлы жаңа мәлімет жоқ. Ұшақ бортында 105 жолаушы мен экипаждың 11 мүшесі болған. Ұшақ әскерилердің отбасыларын тасымалдаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети