31 қазан 2015 14:55

Мысырда 217 жолаушысы бар ресейлік ұшақ құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© LifeNews © LifeNews

Мысырда 217 жолаушысы бар ресейлік ұшақ құлады. Азаматтық әуе лайнерінің қирандылары 31 қазанда Синай түбегінде табылды, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі "Йоум7" порталына сілтеме жасап.


Мысырда 217 жолаушысы бар ресейлік ұшақ құлады. Азаматтық әуе лайнерінің қирандылары 31 қазанда Синай түбегінде табылды, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі "Йоум7" порталына сілтеме жасап.

Жалғасы

Мысырдың қауіпсіздік күштері апат орнын қоршауға алды, Синайдың солтүстігіндегі Әл-Ариш қаласынан әуе апатының құрбандарын эвакуациялау үшін жедел жәрдем қызметінің жиырмаға жуық автомобилі жіберілді.

Осыған дейін Расавиацияның өкілі "Когалымавиа" әуе компаниясының Airbus-321 лайнерінің 9268 Шарм эш-Шейх - Санкт-Петербург рейсін жүзеге асырып жатып, Мысырдан 31 қазанда таңғы уақытта ұшып кетіп, радар экранынан жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. Ұшақтың бортында 217 жолаушысы мен экипаждың жеті мүшесі болған. Жолаушылардың ішінде 17 бала бар. 

Мысырдың премьер-министрі Шериф Исмаил болған оқиғаға байланысты жоспарланған барлық сапарын кейінге қалдырды. Ол жағдайды өз бақылауына алды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети