Мысырда Рамазан айына байланысты сотталушыларға кешірім берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырда Рамазан айына байланысты сотталушыларға кешірім берілді © Еn.alalam.ir

Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси қасиетті Рамазан айының басталуына орай 165 сотталушыға кешірім берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси қасиетті Рамазан айының басталуына орай 165 сотталушыға кешірім берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Кешірім алғандардың ішінде шеру туралы заңды бұзғандар бар. 2013 жылдың шілдесінде исламшы-президент Мұхаммед Мүрси биліктен кетіп, ел аумағында қанды қақтығысқа әкелген наразылық акциялары болған еді. 

2013 жылдың қарашасында қабылданған шеру туралы заң елдегі наразылық акцияларына тосқауыл болды, дегенмен билік елдің ішіндегі тыныштықты сақтау мақсатында құрылған жаңа заңды тәжірибе ретінде ғана қолданды. Халықаралық құқық қорғау органдары заңды тым қатаң әрі азаматтардың бостандығын шектеуге алып келеді деді.

Айта кетейік, бүгін дүние жүзіндегі барлық мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы туды.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети