31 тамыз 2014 16:32

НАТО Шығыс Еуропада бес жаңа әскери база ашады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©gazeta.ru ©gazeta.ru

НАТО Шығыс Еуропада бес жаңа әскери база ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды РИА Новости неміс ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


НАТО Шығыс Еуропада бес жаңа әскери база ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды РИА Новости неміс ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметі бойынша, НАТО жаңа базаларда шұғыл әрекет ететін әскери құрамдағы 4000 адамды орналастырады. Мұндай әрекет арқылы НАТО өз мүшелігіндегі елдерді Ресейден келетін қауіптен сақтауды қарастырады, альянс мүшелерінің Ресейді Украинаның тәуелсіздігіне қол сұғып отыр деп есептейтіні белгілі.

Еске салайық, жуырда НАТО-ның Бас хатшысы  Андерс Фог Расмуссен альянстың Шығыс Еуропада жаңа база ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ Украинадағы жағдайға байланысты қорғанысты күшейту үшін НАТО-ға мүше жеті елдің жаңа шұғыл әрекет ету күштерін құрғалы отырғаны да хабарланған. Ұлыбританияның жасақтарға қолбасшылық етуді өз мойнына алатыны да айтылды. Одан бөлек, бұған Дания, Латвия, Эстония, Литва, Норвегия және Нидерланды да қатысады. Сонымен қатар жаңа бірлестікке кіруге Канада да қызығушылық білдірген. НАТО-ның басты мақсаты - бірлескен экспедициялық, шұғыл әрекет ететін және  жиі оқу-жаттығу жұмыстарын өткізетін жаңа күш құру. Одаққа кіретін әскерилердің саны 10 мыңнан асуы мүмкін. БАҚ мәліметі бойынша, жаңа әскери одақтың құрылғанын Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон қыркүйектің басында жариялайды. 

Ал Ресей НАТО-ның жаңа әскери одақ құруы еуроатлантикалық тұрақтылықтылыққа зардап тигізетін айтып, өзіңнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында НАТО-ның шығыстағы әрекеті үшін жауап қайтарады деп уәде берді. Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу өзінің америкалық әріптесі Чак Хейгелмен әңгіме барысында АҚШ пен НАТО-ның Ресей шекарасындағы әскери әрекеттердің көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдіретінін айтты.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети