14 қыркүйек 2014 11:33

НАТО Украинаны қарумен қамтамасыз ете бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

unian.net unian.net

 НАТО-ға мүше мемлекеттер Украинаға қару тасымалдай бастағанын мәлімдеді Қорғаныс министрі Валерий Гелетей, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасай отырып. 


 НАТО-ға мүше мемлекеттер Украинаға қару тасымалдай бастағанын мәлімдеді Қорғаныс министрі Валерий Гелетей, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасай отырып. 

Украиналық министр қыркүйек айының басында ел президентімен бірге НАТО-ның сммитіне қатысқанын, онда альянстан көмек сұрағандарын айтты. "Мен саммит барысында жабық жағдайда алдыңғы қатарлды елдердің қорғаныс министрлерімен кездесіп, олардың бізге көмектесуін өтіндім. Министрлер біздің өтінішімізді ескеріп, қазіргі таңда елімізге қару жіберіп жатыр", деді Гетелей Украинаның "Пятый канал" арнасына берген сұқбатында. 

"Қару тасымалдау үрдісі жақсы жүруде. Қазір бізге тек осы жолмен жүру маңызды болып тұр" дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, заманауи қаруларды Украинаға тікелей жеткізу туралы келісімге НАТО елдерімен Петр Поршенко келіскен болатын. Украина президентінің кеңесшісі Юрий Луценконың айтуынша, Уэльсте өткен НАТО саммитінде Укрианға АҚШ, Польша, Франция, Норвегия, Италиядан тікелей қару жеткізілетіні туралы келісім жасалған. Бірақ кейіннен бұл елдер өздерінің Украинаға қару беруге келіскендерін жоққа шығарған болатын. Алайда Украина президенті қару жеткізуге қатысты НАТО-ның бірқатар елдерімен келіскенін айтудан танбай отыр. "Бірқатар мемлекеттер бізге әскери-техникалық жағынан серіктес болуға, яғни қару жіберуге келісті", дейді Порошенко.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети