25 наурыз 2016 09:29

Науқасты камера алдында ұрып өлтірген ресейлік дәрігерге жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Ресейде камера алдында емделушіні ұрып өлтірген дәрігер 9 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ресейде камера алдында емделушіні ұрып өлтірген дәрігер 9 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Еске салайық, оқиға 2015 жылы 29 желтоқсанда болған еді. Кадрдан дәрігер әйелдің емделушіні тексеріп отырғанын көруге болады. Сол сәтте кабинетке жас қызды еріткен дәрігер кіріп келеді. Ер адам емделушіге кенеттен күш көрсетіп, соққыға жығады. Емделуші басына тиген қатты соққыдан құлап, дәрігерге қарсылық көрсетпекші болған емделушінің жолдасы да соққының астында қалады.

Ескерту! Роликте зорлық көрсету белгілері бар!

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы дәрігерді 10,5 жылға соттауды, ал дәрігерді қорғаушы тарап оның бас бостандығын шектеуді сұраған болатын. Сотталушы Зелендинов болса өзін заң бойынша жазалауды өтінді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети