20 ақпан 2021 15:32

Навальный 2,5 жылын колонияда өткізеді - сот

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Алексей Навальныйдың шартты жазасы күшін жойып, нақты колонияғы мерзім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 


Алексей Навальныйдың шартты жазасы күшін жойып, нақты колонияғы мерзім тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Бүгін Мәскеу соты Навальныйдың шартты мерзімін ауыстыру туралы шешімді заңды деп тапты. Ол шамамен 2,5 жылын тұтқында өткізуі тиіс.

Кейін сенбіде Бабушкинский сотында Ұлы Отан соғысының ардагеріне жала жабу ісі бойынша отырыс өтеді. Судья бүгін Навальномыйға үкім шығарса, заңға сәйкес, жала жабу туралы істе апелляцияны күтпестен оны колонияға жіберуге болады.

Бұл істе Навальныйға шағымдарды қарау процесіне қатыспаса да болады. Себебі қылмыстық іс жүргізу кодексі колониядан видеобайланыс арқылы апелляциялық процестерге қатысу мүмкіндігін қарастырады.

Мәскеудің Симоновский соты 2 ақпанда Навальныйға "Ив Роше" ісіндегі шартты мерзімді алып тастап, оны сынақ мерзімінде көптеген тәртіпбұзушылықтың болуына байланысты 3,5 жылға жалпы режимдегі колонияға ауыстыру туралы шешім қабылдаған болатын.

Бұған дейін Федералды жазаны орындау қызметі бұл шараны үш рет алға тартты, бірақ барлығында сот келіспеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети