15 шілде 2016 15:23

Ниццада демалып жүрген қазақстандықты лаңкестің жүк көлігі соғып кете жаздаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстандық Гүлнара Саматова Ниццадағы терактіні өз көзімен көрген. Tengrinews.kz тілшісі әйелмен хабарласып, ол өзінің жиенімен бірге лаікестің жүк көлігінің астында қалып қоя жаздағаны туралы айтып берді.


Қазақстандық Гүлнара Саматова Ниццадағы терактіні өз көзімен көрген. Tengrinews.kz тілшісі әйелмен хабарласып, ол өзінің жиенімен бірге лаікестің жүк көлігінің астында қалып қоя жаздағаны туралы айтып берді.

Оларды өлімнен 19 жастағы ұлы арашалап қалған. "Мен балаларыммен Ниццада 1 шілдеден бері жүрмін. Бізде барлығы жақсы. Егер мұны солай деп айтуға болатын болса. Жүк көлігі бізден қол созым жерден өтті", - дейді Гүлнара.

"Кешкісін отшашулар көруге барғанбыз, - деп есіне түсірді әйел. - Айналамызда адам көп болды: отбасылар балаларымен, қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар арбамен. Барлығының да көңіл күйі мерекеге сай болған. Отшашудан кейін олар үйіне жаяу қайтпақ болған, себебі көлік жолдары жабық болған. Олар үйіне шамамен бір-бір жарым сағатта жететін болған".

"Біз басында жол жиегімен жүрдік. Сосын Променадқа ауыстық. Ұлым келесі бетке өтіп алайық дегенде, мен әзірше өтпей-ақ қояйық дедім, себебі ол жақтың аяқжолы тым қысқа еді. Бес минуттай жүрген соң, қатты жылдамдықпен және секіріп келе жатқан жүк көлігін көрдік. Мен сол кезде көргенімді еш уақытта ұмытпайымын! Менің санамда ол үлкен сұр жүк көлігі болып қалады. Біздің әскери жүк көліктеріне ұқсайды, бірақ үлкендігі біржарым есе үлкен. Менің балаларым оны алыс сапарға қатынайтын жүк көлігіне ұқсатыпты. Басында мен оның тежегіші істен шыққан деп ойладым, алайда сосын байқағанымдай жүк көлігінің жүргізушісі әдейі адамдарды басу үшін оңға солға жүргізіп келеді екен. Секіргеннің себебі көлік астында қалған адамдардың үстінен жүріп отырған. Мен бір орында тапжылмай тұрып қалыппын. Құдайға шүкір, ұлым сол кезде жиенім екеуімізді көліктің жолынан жұлып алды. Бізді тек жел соқты", - деп еске түсіреді әйел.

Алыдымызда да артымызда да зардап шеккен көп болды дейді Гүлнар. Көбінің жанында туған туыстары болды. Әйелдің ұлы басқаларына көмек көрсету үшін жүгіріп кеткен, ал Гүлнардың өзі жиенін тынышталдырумен болған. Барлық жерде айқай, сирена және жылып жатқан дауыстар.

"Қазіргі кезде қалада қандай жағдай болып жатқандығын айта алмаймын, себебі әлі үйден шыққан жоқпыз. Үйдің маңы тыныш. Бірақ алыстау жерден сиреналар даусы естілуде. Қазіргі кезде біздің жағдайымыз жақсы. Алайда біз қатты есеңгіреп қалдық. Әзірге дейін сол күйден қайта алмай отырмын. Менің балаларым таң атқан кезде ғана ұйықтады. Оянған кезде ауруханаға барып қан тапсырамыз. Мен ұйықтай алмай отырмын, қатты қобалжудамын. Хабарласып, хат алмасудамын. Қазір ғана шелпек пісірдім. Қолыммен миымды бірдемемен айналысып, бәрін де ұмытқым келеді", -  деп жалғады Гүлнара.

Ендігі кезекте әйел адам Францияда оқитын ұлын Қазақстанға қайтуын көндіруді ойлап отыр. Ал, Бастилияны басып алу күнін өзінің және жиенінің екінші туған күні деп есептейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети