22 шілде 2016 15:28

Ниццада теракт жасаған жүк көлігінің жүргізушісін тоқтатпақ болған мотоциклші оқиға жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ниццада теракт жасаған жүк көлігінің жүргізушісін тоқтатпақ болған мотоциклші оқиға жайлы айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ниццада теракт жасаған жүк көлігінің жүргізушісін тоқтатпақ болған мотоциклші оқиға жайлы айтып берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, 14 шілдеде кешкі уақытта жүк көлігі Бастилияны алу Күніне орай отшашуды көруге жағалауға жиналған адамдарды қағып кеткен еді. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі тоқтамастан, арлы-берлі жүріп, адамдарды екі шақырым бойында қағып жүрген. Жүк көлігінің жүргізушісі өлтірілді.

"Біз қатты айғайларды естідік, көліктер жол бойына тұрып алды. Сонда маған әйелім онда бармауды сұрады. Содан біз кері қайтып бара жатқанда жан-жаққа жүгіріп бара жатқан бір топ адамды көрдік. Олар бір нәрседен қашып бара жатқандай болды. Сол кезде біз жүк көлігін көрдік", - деді Франк. Мотоциклші жүк көлігі адам жүретін жолмен жүріп келе жатқан соң, оны тоқтатпақшы болғанын айтты.

Оның айтуынша, ол өзінің мотоциклімен жүк көлігінің соңынан жүрген. Содан Франк жүк көлігіне жетіп, жүргізушінің қолын сол қолымен ұра бастаған. Сондай-ақ, ол жүргізушінің қолында тапаншаның болғанын айтты. Жүк көлігінің жүргізушісі оны тапаншамен атпақ болған, бірақ қарудан оқ атылмай қалған екен.

"Шынында, мен өлуге дайын болдым! Оны тоқтату үшін мен сонда өлуге дайын болдым, қолыммен ұрдым. Оны көліктің терезесінен шығарып алғым келді. Себебі, есікті мүлде аша алмадым", - деді Франк. Ол осыдан кейін жүргізушінің оны қарудың сабымен ұра бастағанын айтты.

Айта кетейік, Ниццадағы терактіден қаза тапқандардың саны 80-нен асты. 100-ден аса адам жарақат алған. Айта кетейік, қаза болғандардың арасында ресейліктердің саны көп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети