05 мамыр 2015 11:52

Охот теңізіндегі кеме апаты: "Дальний Восток" иесіне қатысты 50-ге жуық әкімшілік іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo/ Maritime Bulletin © AP Photo/ Maritime Bulletin

Охот теңізінде апатқа ұшыраған "Дальний Восток" кемесі иесінің үстінен 50-ге жуық әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлайды РИА Новости Сахалин облыстық федералдық көші-қон қызметі басқармасының өкіліне сілтеме жасап.


Охот теңізінде апатқа ұшыраған "Дальний Восток" кемесі иесінің үстінен 50-ге жуық әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлайды РИА Новости Сахалин облыстық федералдық көші-қон қызметі басқармасының өкіліне сілтеме жасап.

"Магеллан" (компания-кеменің иесі) басшылығына қатысты "РФ-да шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды заңсыз қызметке тарту" бабы бойынша 49 әкімшілік іс қозғалды. Бұл бап бойынша максималды санкция - әрбір теңізші үшін 250 мың рубль көлеміндегі айыппұл немесе қызметін тоқтату. Іс сотқа жіберілді", - деді агенттік өкілі.

Бұған дейін Охот теңізінде апатқа ұшыраған "Дальний Восток" кемесіндегі барлық шетелдік азаматқа айыппұлдың салынғаны хабарланған болатын. Олар Ресей аумағында заңсыз қызмет етті деп айыпталды. Кеме апатынан аман қалған 26 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсына 2 мың рубльден айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, Охот теңізіндегі кеме апаты бейсенбі, 2 сәуірге қараған түні Магаданнан шамамен 300 шақырым жерде болды. Құтқарушылар "Дальний Восток" кемесінің бортында болған 132 балықшының (олардың 54-і шетелдік) 119-ын мұзды судың астынан алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың 56-сы қаза тапқан, ал қалғандары қатты үсіп қалыпты.

Камчатск ТЖМ өкілі Охот теңізіндегі кеме апатына мұзды ахуалдың себеп болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жылжымалы мұзға соғылғаннан кейін пайда болған ойықтан кейін кеменің батып кетуі мүмкін. Алайда қайғылы оқиғаның болуына адами фактордың қатысы да болуы мүмкін. Жалпы оның себептеріне байланысты 10-нан аса тұжырым қарастырылып отыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети