"Омикрон" штамы COVID-19-дан айыққан адамдар үшін алдыңғы мутацияларға қарағанда үш есе жұқпалы. Мұндай қорытындыны Оңтүстік Африканың Эпидемиологиялық модельдеу және талдау орталығы мен Ұлттық жұқпалы аурулар институты ғалымдары жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, "омикрон" штамының коронавирустан айыққан адамдарда қалыптасатын COVID-19-ға қарсы иммунитетті "айналып өту" мүмкіндігі бар.
Институт қызметкері Энн фон Готтбергтің айтуынша, вакцинация COVID-19-ды ауыр өткеруден қорғай алады.
Бұған дейін Оңтүстік Африка дәрігері Анжелик Кутзее бастапқы кезеңде "омикрон" штамының белгілері коронавирустың әдеттегі белгілерінен ерекшеленетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, науқастар "қатты әлсіздікті" сезінеді. Бұл ретте пациенттердің ешқайсында дәм мен иіс сезу жоғалғаны байқалмайды.
Сонымен қатар, кем дегенде 20 елде коронавирустың жаңа нұсқасы табылды және оның саны артуы мүмкін.
"Омикрон" штамы бүкіл әлемде Оңтүстік Африка ғалымдары оны тапқанға дейін тарала бастады. Содан бері бірқатар ел Оңтүстік Африкаға сапарларға тыйым салды.
Соған қарамастан, ДДСҰ халықаралық саяхатқа толық тыйым салу коронавирустың таралуын тоқтатпайды деп санайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!