04 қазан 2014 18:54

Оңтүстік Корея мен КХДР жоғары деңгейде келіссөз өткізуге келісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

КХДР және Оңтүстік Корея КХДР және Оңтүстік Корея

Оңтүстік Корея билігі мен КХДР үкіметі жоғары деңгейдегі ресми келіссөздерді жаңғыртуға келісті деп хабарлайды РИА Новости.


Оңтүстік Корея билігі мен КХДР үкіметі жоғары деңгейдегі ресми келіссөздерді жаңғыртуға келісті деп хабарлайды РИА Новости.

Агенттіктің келтірген дерегі бойынша, тараптар келіссөздің келесі кезеңін алдағы апталарда өткізуге келісті. Келіссөзде қаралатын мәселелер нақтыланбаған. "Қос тарап жоғары деңгейдегі байланыстарды жаңғырту жағын талқылауға келісті" делінеді қос Кореяны біріктіру қызметімен айналысатын Біріктіруші министрлік (Корея Республикасы) таратқан хабарламада.

Дерек бойынша, КХДР-дан үш жоғары шендінің Сеулге келуі барысында келіссөз жасалған. Шенділердің екеуі Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның көмекшісі боп табылады.

2014 жылдың 1 қаңтарында Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын халқы алдындағы жаңажылдық жолдауында Оңтүстік Кореяны қарым-қатынасты жақсартуға шақырған.

Бүгіндері Кореяның жартылай аралы қағаз жүзінде соғыс жағдайында боп табылады, өйткені 1950-1953 жылдарғы корей соғысы бейбіт келісімшартпен емес, өзара ымырамен аяқталған болатын. КХДР мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасы 2010 жылы наурызда Сары теңізде "Чхонан" күзет кемесі батып кеткеннен кейін қатты ушығып кеткен. Сеулдегілер Солтүстік Кореяның торпедасы оның көзін жойды деп айыптаған.

Кейін, 2010 жылдың 23 қарашасында Солтүстік пен Оңтүстікті ажыратушы даулы сызық - Сары теңіздің  Йонпхендо аралы маңында соңғы жарты ғасырдағы ең ірі әскери қақтығыс орын алған. Сеулдегілердің айтуынша, аралға солтүстік тараптан зеңбірек оғы жауған, сәйкесінше оңтүстік те қаруға қол салған. Салдарынан екі оңтүстік кореялық әскери көз жұмып, 17-сі қатты жарақат алған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети