20 желтоқсан 2016 10:51

Оңтүстік Кореяда биліктен шеттетілген президентке қатысты тағы бір тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ИА Regnum © ИА Regnum

Оңтүстік Кореяның үкіметі биліктен шеттетілген президентіне қатысты тағы бір тексеріс бастады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Оңтүстік Кореяның үкіметі биліктен шеттетілген президентіне қатысты тағы бір тексеріс бастады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Елдің ұлттық бірлестік жөніндегі минстрлік Пак Кын Хенің 2005 жылы КХДР-дің сол кездегі басшысы Ким Чен Ирге хат жолдауы заңбұзушылық болғанын, не болмағанын анықтамақ. 

2002 жылдың мамырында Пак Кын Хе Пхеньянда болып, Ким Чен Ирмен "ЕО-Корея қорының" мүшесі ретінде кездескен. Дегенмен, Пак Кын Хе ел президенті болғаннан кейін оның солтүстік көршілерімен қарым-қатынасы бұған дейін болмаған қауіпті деңгейге түскен.

Пак Солтүстік Корея астанасында Оңтүстік пен Солтүстіктің бейбіт келісімге келіп, сол кездегі Оңтүстік Кореяның либерал билігі КХДР-мен қарым-қатынасқа түсуге рұқсат етіп отырған еді. Бірақ, 2008 жылы билікке консерватив билік келіп, Пхеньянмен байланыс шектелді.

Оңтүстік Кореяда КХДР-мен заң жүзінде еркін қарым-қатынас жасауға тыйым салынған. Ресми Сеул Солтүстік Кореяны тіпті мемлекет ретінде емес, "мемлекетке қарсы ұйым" ретінде қарастырады.

9 желтоқсан күні Пак Кын Хеге оның жақын адамы Цой Сун Сильге қатысты жемқорлық дауға байланысты импичмент жарияланған болатын. Ол президенттің жол беріп қоюымен ірі корпорациялардан ақша алып, мемлекеттік істерге араласып отырғаны айтылады.  Цой Сун Сильге қатысты сот 19 желтоқсанда басталды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети