17 сәуір 2017 14:53

Оңтүстік Кореяның экс-президентіне пара алды деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фотохост-агенттік/ Илья Питалев © Фотохост-агенттік/ Илья Питалев

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хеге және Lotte Group төрағасы Син Дон Бинге пара алды деген айып тағылды, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хеге және Lotte Group төрағасы Син Дон Бинге пара алды деген айып тағылды, - деп хабарлайды РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Пак Кын Хеге 14 пункт бойынша айып тағылған, олардың ішінде жемқорлық, үшінші тұлғалардан пара алу, өкілеттігін пайдалана отырып, үшінші тұлғалардың ісіне араласу және еріксіз көндіру, бөтенге ресми құпия ақпаратты ашу және басқа айыптар бар. 

"Айыптаушы тарап экс-президент оңтүстіккореялық ірі корпорациялардан, оның ішінде Samsung және Lotte корпорацияларынан жалпы сомасы 59,2 миллиард оңтүстіккореялық вон (52,02 миллион доллар) пара алған деп есептейді. Пак Кын Хе қамауда. Lotte Group төрағасы Син Дон Бинге үшінші тұлғалардың қатысуымен жемқорлық іс-әрекеттер жасады деген айып тағылған. Алайда оңтүстіккореялық корпорацияның басшысы ұсталған жоқ", - деп жазады басылым. 

Еске салайық, 2016 жылдың күзінде Оңтүстік Кореяда ел билігіне қатысты дау шықты. Парақорлық ісі бойынша экс-президенттің құрбысы Цой Сун Силь ұсталғаннан кейін Пак Кын Хеге импичмент жарияланып, наурыз айының басында Конституциялық сот оның қызметтен кетуі туралы шешім шығарды. 9 мамырда елде президент сайлауы өтеді. Прокуратура экс-президентке қатысты нақты бір шешімге наурыз айының соңында келуі мүмкін. 

Цой Сун Сильге кореялық ірі компаниялардан 70 миллион доллар бопсалады және 13 іс бойынша саяси процестерге араласты деген айыптар тағылды. Оның ішінде Samsung корпарациясының басшысы Ли Чжэ Ен өзінің компаниясына тиімді жағдай орнатуы үшін Цой Сун Сильге 37 миллион доллар пара бермекші болған делінеді. Samsung компаниясының басшысы Ли Чжэ Ен ақпан айының соңында ұсталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети