10 наурыз 2017 09:38

Оңтүстік Кореяның Конституциялық кеңесі президент импичментін бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяның Конституциялық кеңесі президент Пак Кын Хенің импичментін бекітті, - деп хабарлайды РИА Новости. Ел парламенті сыбайлас жемқорлық деректерінің шығуына байланысты өткен жылдың 9 желтоқсанында импичмент жариялаған. 


Оңтүстік Кореяның Конституциялық кеңесі президент Пак Кын Хенің импичментін бекітті, - деп хабарлайды РИА Новости. Ел парламенті сыбайлас жемқорлық деректерінің шығуына байланысты өткен жылдың 9 желтоқсанында импичмент жариялаған. 

Конституциялық кеңестің шешімі жұмада YTN оңтүстіккореялық телеарнасының тікелей эфирінде жарияланды. Кеңестің сегіз судьясы парламент шешімін мақұлдауға дауыс берді. Енді Пак Кын Хе мемлекет басқарудан түбегейлі шеттетіледі, ал 60 күн ішінде мерзімінен бұрын президент сайлауы өтеді. Импичмент жарияланбаса, президенттің өкілеттігі 2018 жылдың ақпанында аяқталар еді, ал сайлау биыл 20 желтоқсанда өтер еді. 

Президентті биліктен кетіруге Пак Кын Хе мен оның бұрынғы танысы Цой Сун Сильдің айналасындағы жемқорлық дауы себеп болған. Танысы байланыстарын пайдакүнемдік мақсатта қолданып, мемлекеттік істерге президент пен оның әкімшілігі арқылы араласқан делінеді.

Қазіргі уақытта Цой Сун Силь қамауда отыр. Ол президентпен байланысы арқылы Оңтүстік Кореяның корпорациясынан ірі көлемде ақша жымқырған деп айыпталып отыр. Ал әзірше мемлекет басшысының міндетін ел премьер-министрі Хван Ге Ан атқарып отыр. Пак Кын Хе президент сарайынан бүгін кетеді деп күтіледі.

Еске салайық, бүгін, 9 желтоқсанда Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланған болатын. Ұлттық жиынның 234 депутаты қолдап дауыс беріп, 56-сы қарсы болған. Ал екі депутат дауыс беруден бас тартқан. Жеті түбіртек жарамсыз деп танылды. Айта кетейік, отырыстан тікелей таратылымды оңтүстіккореялық телеарна жүргізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети