05 желтоқсан 2017 11:36

Өз баласын аяусыз тепкен ер адам екі айға қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өз баласын көшеде аяусыз тепкен Бариер Адиев Октябрь сотының шешімімен екі айға тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады K-News басылымы Бішкек қаласының Ішкі істер бас басқармасына слітеме жасап.


Өз баласын көшеде аяусыз тепкен Бариер Адиев Октябрь сотының шешімімен екі айға тергеу изоляторына қамалды, - деп хабарлады K-News басылымы Бішкек қаласының Ішкі істер бас басқармасына слітеме жасап.

Оған қатысты бұлтартпау шарасының бүгін қабылданғаны айтылады. Ер адамға қатысты Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша ("Бұзақылық") қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары Facebook желісінде және Instagram желісінде танымал топтарда жарияланған видеоны қызу талқылап жатыр.

Ер адам Соқылық мемтіркеу басшысының орынбасары болып шықты. Оның аты-жөні - Бериер Адиев. Бұл мәліметті органның баспасөз қызметіндегілер растаған. Олар таратқан хабарға сенсек, мемтіркеу басшысы ер адамды жұмыстан шығару туралы тапсырма беріпті. 

Портал Қырғыз Республикасы Әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасай отырып, Адиевтің әйелі - Асель Эржанованың өз күйеуін ата-ана құқығынан айыруды талап еткенін хабарлады. Әйелдің өзі бұл оқиға жайлы жаңалықтардан біліпті. Баласы Елхан отбасында жалғыз ұл екен. 

Ал кейінірек ер адам өз баласын неге аяусыз тепкенін айтып берген болатын. Бариер Адиев баласын жерден көтердім деп отыр. Шамамен сағат 16.00-де үйіне кірген. Кейін ол шаруаларымен шығып кеткен. Ал біршама уақыт өткенде оған әйелі хабарласып, Интернеттен видеоны көргенін айтқан. Содан олар ұрысып қалған. Бариер Адиев болса видеоны монтаж деп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети