22 желтоқсан 2014 12:36

Өзбекстанда парламент сайлауына қатысушылардың саны 88 пайыздан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирзо-Улугбек Абдусаломов ©uzdaily.com Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирзо-Улугбек Абдусаломов ©uzdaily.com

Өзбекстанда парламент сайлауына қатысушылардың қатары 88 пайыздан асты, - деп хабарлайды CA-NEWS Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирзо-Улугбек Абдусаломовқа сілтеме жасап.


Өзбекстанда парламент сайлауына қатысушылардың қатары 88 пайыздан асты, - деп хабарлайды CA-NEWS Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирзо-Улугбек Абдусаломовқа сілтеме жасап.

"Сайлау учаскелері мен үкіметтің мемлекеттік өкілетті органдарындағы сайлау орындарында Өзбекстан Республикасының заң шығарушы Олий Мәжіліс депутаттарын сайлау аяқталды. Тек Еуропаның кейбір елдері мен АҚШ-тағы Өзбекстан Республикасының өкілетті сайлау учаскелерінде ғана сайлау өтіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, сайлауға 18 миллион адам қатысты, бұл сайлаушылар тізімінде тұрғандардың 88 пайызын құрайды", - деді Абдусаломов.

Айта кетейік, сайлауға Өзбекстанның 20,79 миллионнан астам азаматы қатыса алады. Қазір сайлау учаскелерінде төменгі палата депутаттығына кандидаттардың әрбіреудің дауысы жеке-жеке саналып жатыр. Өзбекстандағы парламент сайлауын халықаралық бес ұйымнан 300 бақылаушы мен 50 ел, сонымен қатар саяси партиялардан 70 мыңнан аса өкілетті бақылаушы кандидаттарды қадағалап отыр.

Бұл парламенттік сайлау - Өзбекстандағы бесінші сайлау. Қос палаталы парламент 2005 жылы құрылды. Заң шығарушы палатада 150 депутат тұрақты негізде бес жыл қызмет етеді. Тіркелген төрт саяси партия бар: Өзбекстанның либералдық-демократиялық партиясы (ӨзЛиДеП), Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясы (ӨХДП), "Миллий тикланиш" Өзбекстанның демократиялық партиясы ("Ұлттық қайта даму"), "Адолат" Өзбекстанның социал-демократиялық партиясы. Оппозициялық "Эрк" пен "Бирлик" партиялары және "Бирдамлик" қозғалысы парламент сайлауына қатыса алмады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети