18 қараша 2015 11:27

Париж маңында терактілерге қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Полиция арнайы операция кезінде Париждегі тарактілерге қатысы бар делінген үш күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости. Арнайы жасақ тағы екі адамды қоршауға алды.


Полиция арнайы операция кезінде Париждегі тарактілерге қатысы бар делінген үш күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды РИА Новости. Арнайы жасақ тағы екі адамды қоршауға алды.

Операция Париждің маңындағы Сен-Дениде жүргізілді. AFP операцияға қаруланған арнайы жасақтың қатысқанын хабарлады. Полицейлердің біреуі жарақаттанды. RTL радиостанциясының хабарлауынша, Сен-Дениде атыс жергілікті уақыт бойынша сағат 4.25-те басталған.

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети