14 қараша 2015 09:56

Париждегі терактілер кезінде қаза тапқандардың саны 153 адамға өсті - CNN

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ria.ru © ria.ru

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Франция астанасы Парижде терактілердің салдарынан кем дегенде 153 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды CNN.


Нақтыланған мәліметтер бойынша, Франция астанасы Парижде терактілердің салдарынан кем дегенде 153 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды CNN.

Телеарнаның мәліметінше, олардың ішінде 112 адам "Батаклан" концерт залында қаза болды. Театрды лаңкестер жұма күні кешкі уақытта басып алған болатын. 

Осыған дейін кем дегенде 140 адамның қаза болғаны жайлы мәлімет тарады. Еске салайық, 13 қараша күні Франция астанасы Парижде бірнеше теракт болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын. Кейін "Батаклан" театрында террорлардың 100 шақты адамды кепілге алғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети