01 наурыз 2021 15:10

Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның қарсыластары үкімет ғимаратына басып кірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Пашинянның бір топ қарсыласы Ереван орталығында бірнеше министрлік орналасқан үкімет ғимаратына басып кірді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Пашинянның ресейлік "Искандерлер" туралы сөзінен кейін Ереванда тағы бір саяси дағдарыс өршіген болатын. БАҚ мәліметінше, Армения бас штабы бастығының орынбасары премьер-министрді мазақ еткені үшін қызметінен босатылған, кейін бас штаб бастығына да отставкаға кетуге ұсынылған.

Артынша Армения Қарулы Күштері Пашиняннан орнын босатуды талап етіп мәлімдеме жасаған. Премьер-министр мұны төңкеріс әрекеті деп санап, өз жақтастарын көшеге шығуға шақырған еді. Ал оппозиция баррикадалар орнатып, парламенттің маңында лагерь құрған. Олар билікпен келіссөзге бармайтынын айтып, премьер-министрдің қызметінен кетуін талап еткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети