31 қаңтар 2016 12:21

Пентагонның мәліметтері Ресейдің Түркия әуе кеңістігін бұзғанын растап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ren.tv © ren.tv

Пентагонның мәліметтері Ресей ұшақтарының Түркия әуе кеңістігін бұзғанын растап отыр. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Пентагонның өкілі Марк Райт мәлімдеген.


Пентагонның мәліметтері Ресей ұшақтарының Түркия әуе кеңістігін бұзғанын растап отыр. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Пентагонның өкілі Марк Райт мәлімдеген.

"Біз бұл хабарламадан хабардармыз және кеше ресейлік әскери тағы бір ұшақтың Түркия мен НАТО-ның әуе кеңістігін бұзғанын растай аламыз, - деп мәлімдеді Райт. - Біз осыған дейінгі оқиғалардан кейін мәлімдегеніміздей, АҚШ Түркиямен ниеттестікте НАТО-ға қосылады, біз Ресейді Түркияның әуе кеңістігін құрметтеуге және өңірде жоғарғы дәрежедегі тұрақсыздық қатеріне әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуға шақырамыз". Пентагон өкілінің мәліметінше, "орыстар мен түріктердің бір-бірімен әңгімелескені" және эскалацияның алдын алу бойынша шараларды жүргізуі маңызды. 

Еске салайық, Түркия сыртқы істер министрі түрік тарапының ресейлік Су-34 ұшағының әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеуіне байланысты Ресей елшісін шақырып алған болатын. Түрік тарапының хабарына қарағанда, ресейлік ұшақ Түркияның әуе кеңістігін 29 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 11.46-да бұзған. Сонымен қатар, Түркия СІМ бұл оқиғаның Ресейдің екі ел арасындағы шиеленісті күшейткісі келетінін көрсетіп отыр деп мәлімдеді. Ал Ресейдік Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков ресейлік әуе тобының Сирияда түрік әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді.  "(...) Түрік тарапының ресейлік әуе тобы Түркияның әуе кеңістігін бұзды делінген мәлімдемесі дәлелсіз насихат", - деді ол.

Еске салайық, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы сириялық-түрік шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети