26 мамыр 2014 19:29

Петр Порошенко: Қырым Украинанiкі болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Президенттік сайлауда көш бастап келе жатқан украиналық миллиардер Петр Порошенко Қырымға қатысты Ресейді сотқа беретінін мәлімдеді" - деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Президенттік сайлауда көш бастап келе жатқан украиналық миллиардер Петр Порошенко Қырымға қатысты Ресейді сотқа беретінін мәлімдеді" - деп хабарлайды Tengrinews.kz РБК ақпарат құралына сілтеме жасап.

Roshen кондитерлік компаниясының қожайыны "Украинада экономикалық шаралардың көмегімен Қырымды қайтару мәселесі қаралып жатыр. Сайлау Қырым мәселесін шешті. Қырым Украинанiкі болады" - деп мәлімдеді президенттіктен басты үміткер. Сонымен қоса, Порошенко Украинаның Ресейге қарсы халықаралық соттарға, оның ішінде адам құқығы жөндегі сотқа да шағым түсіретінін айтты.

Сондай-ақ, миллиардер Қырымда президенттік сайлауға алты мыңнан астам дауыс беруші қатысқанын, олар Херсонскі және Николаевскі облыстарында дауыс бергенін атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, Украинаның сайлау орталықтарының интерактивті таблосындағы көрсеткішке сәйкес, 70,80 пайыз хаттамаларды тексеру қортындысы бойынша Украина президенттігіне сайлауда Порошенко 53,75 пайыз дауыс жинап, көш бастап келеді. Экс-премьер Юлия Тимошенко - 13,11 пайыз. Үшінші орында Украина "Радикалдар партиясының" жетекшісі Олег Ляшко - 8,48 пайыз дауыс жинаған.

Естеріңізге салсақ, 11 наурыз күні Қырым Автономиялық республикасы мен Севастополь қалалық кеңесі Қырым Автономиялық республикасы мен Севастопольдің тәуелсіздігі туралы декларация қабылдаған болатын. 18 наурызда Қырым мен Севастопольдің Ресей құрамына кіруі туралы келісімге қол қойылды. Алайда Украина Қырымның тәуелсіздігін де, Ресей құрамына кіруін де мойындаған жоқ.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети