01 қаңтар 2015 17:33

Порошенко Қырым татарлары тілінде Жаңа жылмен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube желісінен алынған кадр ©Youtube желісінен алынған кадр

Жаңажылдық құттықтауында Украина президенті Петр Порошенко украин, орыс және Қырым татарлары тілдерінде сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаңажылдық құттықтауында Украина президенті Петр Порошенко украин, орыс және Қырым татарлары тілдерінде сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Порошенконың видеожолдауы Украина әскеріне көмектесіп жатқан киборгтармен және волонтерлермен бірге түсірілді. Киборгтар мен волонтерлер президенттің құттықтауына Донецк әуежайынан оралған кезде қатысты. Порошенконың құттықтауы Украинада 2014 жылы болған негізгі оқиғалармен басталды: Майдан, Ленин ескерткішінің құлауы, Януковичтің қашуы, Қырымның аннексиялануы, президент және парламент сайлауы, малаизиялық ұшақтың атып түсірілуі, өзінің АҚШ Конгресінде сөй сөйлеуі, Донбастағы соғыс пен волонтерлердің жұмысы.

"Өтіп бара жатқан жыл соңғы жеті онжылдықта, 1945 жылдан бергі ең қиын жыл болды. Зұлым жауымыз біздің өмірімізге, территориямызға, бостандығымызға, тәуелсіздігімізге қол сұқты. Еліміз түгелдей Отанды қорғауға шықты. Бұл Отан соғысты біз міндетті түрде жеңеміз, себебі ол біз үшін - әділетті. Шындық біздің жағымызда! Құдай бізбен бірге!", - деді Петр Порошенко.

Президент отандастарына ел үшін еңбек сіңіргені үшін алғыс айтты. "Өткен жылдың басты ұраны - "Едина краіна" - "Единая страна" - Бир девлет" болды. Ауыр сынақ бізді қуатты ете түсті. Халық ретінде бір болып тұрдық, саяси украин ұлты болып біріктік", - деді президент. - "Он бесінші жыл жеңіл болмайды. Мен бұл жылдың түбегейлі реформалар жылы болатынына, Еуроодаққа мүше болуға жол ашылатын жыл болып тарихқа таңбаланатынына сенемін. Бұл - біздің арманымыз, біз оны іске асырамыз".

Сөзінің соңында Порошенко Тарас Шевченконың сөзін келтірді: "И на обновленной земле врага не будет супостата, а будет сын и мать, и будут люди на земле".

Президент құттықтау сөзін үш тілде айтты, Қырым татарлары тілінде ол былай деді: "Ян’и йилиниз хайирли олсун, азіз уатандашлар!".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети