11 шілде 2014 09:21

Порошенко Меркельге атысты тоқтатуға дайын екенін жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Петр Порошенко Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесу барысында Донбастағы жағдай туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Украина президенті Петр Порошенко Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесу барысында Донбастағы жағдай туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Украина президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, әңгіме барысында Порошенко Меркельге екіжақты атысты тоқтатуға дайын екенін айтқан. Алайда Порошенко ол үшін мониторинг жүргізе отырып бар жағдайды анықтап, шекараны бақылауға алып Ресей тарапынан қару-жарақ пен жасақшылардың өтуін тоқтатып, кепілге алынғандардың барлығын түгелдей босату және ешқандай шартсыз саяси келіссөздерді бастау керек екенін атап өтті.

Оған жауап берген Меркель, әскери-қимылдардың салдарынан ЕҚЫҰ-ның Арнайы мониторингтік миссия өкілдерінің шекарадағы өткізу пункттеріне баруға мүмкіндігі болмай отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Порошенко халықаралық құқық нормаларының бұзылып жатқанын тілге тиек етті. Ол, жасақшылардың Луганскі облысында Украина ӘК ұшқышы Надежда Савченконы ұрлап, оны Ресейдің Воронеж қаласындағы түрмеге заңсыз алып кеткенін мысал ретінде келтірді.

Оған қоса, Порошенко Украина тарапы қанша күш салғанмен мәселені бейбіт жолмен шешуде Байланыс тобымен не кездесу форматында, не бейнеконференция форматында келіссөздер жүргізуге қол жеткізе алмай отырғанын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети