04 маусым 2014 22:47

Порошенко Обамадан әскери көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Петр Порошенко Варшавада АҚШ президенті Барак Обамамен кездесіп, одан әскери көмек сұрады. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Бен Родс мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып. 

Родстың айтуына қарағанда, Поршенко Украинаның әскеріне және ұлттық гвардияға АҚШ тарапынан көмек сұраған. Обама Поршенкоға бұл мәселені талқылауға қарсы еместігін білдірген.

Обама Укринаны бронежилеттермен қамтамасыз ете алатынын, сондай-ақ стратегиялық көмектер көрсететінін айтты.

Бұған дейін Порошенко Washington Post басылымына берген сұхбатында Украинаның шығысындағы қақтығыстардың жалғасуына орай елге  АҚШ-тың тікелей әскери көмегі қажет болып тұрғанын айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік АҚШ президентінің шығыс-еуропа сапары аясында Украина президенті Поршенко мен Обама Варшавада екі жақты кездесу өткізді. Кездесу барысында Украинадағы дағдарыс және оны ретке келтіру мәселесі және Киевтің Мәскеу энергия қуатына тәуелділігін азайту жөнінде талқыланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети