31 қаңтар 2014 16:05

Президент портретін өртегені үшін жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абдылда Қапаров. ©RFE-RL/Sherzod Yusupov Абдылда Қапаров. ©RFE-RL/Sherzod Yusupov

Қырғызстанда Ош қаласы ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Абдылда Қапаров Президент Алмазбек Атамбаевтың портретін отқа жаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ош полициясы хабар таратты деп жазады Tengrinews.kz. Абдылда Қапаров 2010 жылы сәуір төңкерісінен соң Ош қаласы ішкі істер басқармасына бастық болып тағайындалған. Сол жылдың маусым айындағы қырғыз-өзбек қақтығысынан соң ол қызметінен кетті. Кейін Қапаров оппозиция қатарына қосылды. Ол Оштың бұрынғы мэрі Мелисбек Мырзақматовтың белсенді жақтасы болды. Биыл 15 қаңтарда Мырзақматов қала басшысы сайлауында жеңіліп қалды. Оның мыңдаған жақтасы Оштың орталық алаңына шығып, наразылық білдірді. Сол кезде Қапаров Атамбаевтың портретін көпшілік алдында өртеп, оның отставкаға кетуін талап етті. Бұрынғы тәртіп сақшысына қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети