Порошенко күш құрылымдарының жұмысын нығайтуға ниеттеніп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Порошенко күш құрылымдарының жұмысын нығайтуға ниеттеніп отыр Петр Прошенко фото svoboda.org

Украина президенті Петр Порошенко таяу арада елдегі күш құрылымының жұмысын нығайтуға ниеттеніп отыр.  Бұл туралы ол Майдан белсенділерімен кездесуінде мәлімдеді,- деп хабарлайды РБК мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Петр Порошенко таяу арада елдегі күш құрылымының жұмысын нығайтуға ниеттеніп отыр.  Бұл туралы ол Майдан белсенділерімен кездесуінде мәлімдеді,- деп хабарлайды РБК мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сондай-ақ Порошенко Украинаның жаңа бас прокуроры Виталия Яреманы жұртшылыққа таныстырып, оған ақпан айында Майданда бейбіт адамдарға оқ атқандардың ісін тергеуді аяқтауды тапсырды.

"Украина билігі енді ешуақытта бейбіт тұрғындарға оқ атпауы тиіс. Біз осыған қатысты бірінші болып үлгі көрсетуіміз керек. Біз Януковичті жеңдік. Енді қарақшыларды да жеңеміз. Біз Майданға шыққандар үшін жаңа мемлекет құрамыз"  деді Порошенко.

Порошенкоға халықтың сенімді өкілі Майданның  рухани кеңесінің мүшесі дін өкілі Стефан белсенділердің үндеуін оқыды. Үндеуде: "Қазіргі уақытта әскери саланы сіздің жеке бақылауға алуыңызды өзекті мәселе санап отырмыз.

Басқарма құрамы толық ауыстыруды қажет етеді. Украинаның шекарасын бекемдеу үшін қарулы күштер саласын қайта құрылымдау қажет. Ал кезек күттірмейтін парламент сайлауын жаңа заң аясында ашық партиялық тізіммен өткізу керек"  делінген.

Порошенко Жоғарғы Рада сайлауы күзде өткізілетінін және саяси партияларды қаржыландыруды ашық әрі  таза ету үшін жаңа заң қабылдау қажеттігін баса айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети