12 сәуір 2017 11:21

Путин Назарбаевтың "Ислам мемлекетіне" кіретіндерді азаматтығынан айыру туралы сөзіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. © РИА Новости Владимир Путин. © РИА Новости

Ресей Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевтың террористерді азаматтығынан айыру туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости. Путиннің айтуынша, Ресей Конституция бойынша ешкімді азаматтығынан айыра алмайды.

"Сіз Назарбаевтың "Ислам мемлекеті" ұйымына кіретін қазақстандықтарды азаматтығынан айыру туралы шешімін айтып өттіңіздер. Ресей конституциясына сәйкес, біз ешкімді де азаматтығынан айыра алмаймыз. Бірақ біз Ресей азаматтығын алуға негіз болатын шешімдерді өзгерте аламыз. Заңгерлерімізбен кеңесіп, жақын арада шешім қабылдаймыз деп ойлаймын", - деді Путин "Мир 24" телеарнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымына кіретін қазақстандықтардың азаматтығынан айырылатынын айтқан еді. Сондай-ақ, ол "Ислам мемлекеті" ұйымында (Қазақстанда тыйым салынған) Қазақстан атынан шамамен 500-600 адам бар екенін, ал бұрыңғы Кеңес одағы елдерінен 5 мыңға жуық адам бар екенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети