24 қараша 2015 20:25

Путин ресейлік Су-24 апатына қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин ресейлік Су-24 апатына қатысты мәлімдеме жасады. © РИА Новости Путин ресейлік Су-24 апатына қатысты мәлімдеме жасады. © РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады, - деп хабарлайды РИА Новости


Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады, - деп хабарлайды РИА Новости

"Ресейлік Су-24 ұшағы түріктің ұшағының әуе-әуе зымыранымен Сирия территориясында атып түсірілді. Оған шабуыл Түркияның шекарасына бір шақырым жерде жасалды, құлаған жері төрт шақырым қашықтықта. Ресейлік ұшақ ИМ-мен күрес бойынша лаңкестерге жоғарыдан соққылар жасап, тікелей тапсырманы орындап жатқан. Ресейлік ұшқыштар мен ұшақ Түркияға қауіп төндірген жоқ еді, бұл анық жайт. Түркия Ресейдің АҚШ-пен осындай жағдайлар туралы ескертуге келісімге келуіне қарамастан РФ ұшағына соққы жасады. Ресейлік ұшақпен болған қайғылы оқиғаның салдары Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасына айтарлықтай сызат түсіреді", - деп мәлімдеді Путин. 

Оның айтуынша, Ресей болған оқиғаны сараптайды. "Бұл оқиға лаңкестікпен әдеткі күрестің аясынан шығып кетті. Әрине, біздің әскерилер өзін де, өз өмірлерін де аямай террормен батыл күрес жүргізіп жатыр. Бірақ бүгінгі жағдай лаңкестерге астыртын дем берушілердің бізге тұтқиылдан жасаған соққысы. Бүгін болған оқиғаға басқаша баға бере алмаймын", - деді Путин. 

Оның пікірінше, Ресей халықаралық қауымдастықтың ортақ зұлым - терроризммен күресте бірігуге жол таба біледі деп үміттенеді. "Ресей Түркияға көрші ел ғана емес, дос ел деп те қарап келді. Мұның кімге керек болғанын білмеймін, бірақ бізге керек емес еді. Оқиғадан кейін Түркия дереу РФ-мен байланыс орнатудың орнына НАТО-мен байланысты, құдды бір олардың ұшағын Ресей атып түсіргендей", - деді Путин. Сонымен бірге, РФ президенті Ресейдің Түркия территориясында ИМ бақылауындағы кен орындарында мұнайдың көп екенін ертеде тіркеп қойғанын атап өтті.    

Мұнымен қатар, Ресейдің қорғаныс министрлігінің өкілдері "объективті бақылау мәліметтерінің ресейлік Су-24 ұшағының Түркия әуе кеңістігін бұзбағанын көрсетті" деп мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, Түркияның әуе күштері Сириямен шекаралас аймақта белгісіз әскери ұшақты атып түсірген болатын. Кейін оның ресейлік Су-24 екені анықталды. Ұшқыштардың бірінің қаза тапқаны белгілі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети