11 қараша 2014 | 21:45

Путиннің Қытайдың бірінші ханымына жасаған ишарасы Интернетті дүр сілкіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Путин Қытайдың бірінші ханымына жылы орамал жапты. ©Foreignpolicy.com Путин Қытайдың бірінші ханымына жылы орамал жапты. ©Foreignpolicy.com

Әлемдік БАҚ өкілдері мен Интернет қолданушылары Ресей президенті Владимир Путиннің Бейжіңдегі Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммитіндегі әрекетін белсенді түрде талқылап жатыр. Журналистердің назары Путиннің Қытайдың бірінші ханымы Пэн Лиюаньді жылы орамалмен жапқан сабаздығына ауды. Қытай көшбасшысының жары күлімсіреп, Путинге алғыс айтты, бірақ шәліні дереу түсіріп, көмекшісіне ұстатады да, басқа киім киеді. Мұндай реакциясына қарап отырып, оның бұл жағдайдан ыңғайсызданғанын байқауға болады. Оқиға түрлі ой салады, ал жергілікті цензорлар бұл сәтті телевизиялық трансляциядан қиып тастады, - деп жазады Daily Mail ағылшын газеті.

Иконка комментария блок соц сети

Дегенмен бұл мұны жасыру мүмкін бола қоймады - осы кадрлар YouTube желісінде пайда болды.

Ресей президентінің ісін батыстың және Қытайдың БАҚ-тары "әдепсіз әрі  тұрпайы" деп бағалады. Der Spiegel неміс басылымы мұны "іскерлік этикетті сақтамау" деп жазды. Ал Foreign Policy газеті Путинді "Ресейдің бас донжуаны" деп салды. "Президент жарының көңілін табу - дипломатияның бірінші құпия ережесі сияқты, бірақ Ресей  президенті жуырда ғана бойдақ болды, бұл кеңестермен танысып шықпаған сияқты", - деп жазады басылым. 

Батыстың бірнеше ақпараттық порталы "Путин Қытайдың бірінші ханымына "қырындады", "қылымсыды" деген тақырыппен мақала жариялады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети