05 наурыз 2014 11:39

Ресей "Тополь" зымыранын нысанаға дөп тигізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тополь" зымыраны. Фото Reuters "Тополь" зымыраны. Фото Reuters

Ресейлік әскерилер Астрахан облысындағы "Капустин Яр" полигонынан "Тополь РС-12М" континентаралық баллистикалық зымыранын сәтті ұшырды, деп хабарлайды "Россия-24" телеканалы. Бұл зымыран 4-наурыз күні мәскеу уақытымен 22:10-да жіберілді. Зымыранның жауынгерлік бөлігі Қазақстанның "Сары-шаған" полигонындағы нысанасына дөп тиді ("Сары-шаған" полигоны Қарағанды және Жамбыл облысының солтүстік-батыс және Балқаш көлінің батысында Бетпақ-Дала шөлді аумағында орналасқан). Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл зымыранды ұшырудағы мақсат континентаралық зымыранның перспективалық әскери жабдықталуын тексеру болып табылады. Батыстық БАҚ құралдары зымыранды ұшыру Украинаны желеу еткен Мәскеу мен Батыстың арасындағы күрделі тайталастың белгісі деп атап өтті. Сонымен бірге Agence France-Presse басылымы Ресей алдын ала континентаралық зымыранды ұшыратыны жөнінде АҚШ-ты хабардар еткен, деп хабарлады Пентагонның (аты-жөнін көрсетпей) қызметкеріне сілтеме жасап. Дерек келтірушінің сөзінше, бұл жағдай америкалық әскери ведомоствоға оқыс оқиға болып саналмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети