21 қараша 2021 11:11

Ресейлік блогер жол апаты болғанға дейін әлеуметтік желіде жазба жариялаған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АГН "Москва" АГН "Москва"

Блогер Саид Губденский Telegram-арнасында Мәскеудегі Кутузовский даңғылында болған жол-көлік оқиғасында қайтыс болғанға дейін жазба жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Блогер Саид Губденский Telegram-арнасында Мәскеудегі Кутузовский даңғылында болған жол-көлік оқиғасында қайтыс болғанға дейін жазба жариялаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сағат 13.35-те ол жақында сатып алынған BWM M4 фотосуретін жариялаған. Жазба жарияланғаннан кейін 1,5 сағаттан соң әлеуметтік желілерде апат туралы ақпарат шыға бастады.

Дәл осы шетелдік көлікте ол жол апатына ұшырады. Губденский көлікті қайғылы оқиғадан 11 күн бұрын сатып алып, бұл туралы өз оқырмандарына хабарлаған.

Сонымен қатар, сенбі күні түстен кейін блогер Instagram желісіндегі әңгімесінде Мәскеуде Gelandewagen-мен жарысып, жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне ерсі қылық көрсеткені туралы видео жариялады. Бұған дейін ол өз оқырмандарына көлікті сағатына 150 шақырым жылдамдықпен қалай жүргізетінін көрсеткен.

Губденский, прокуратураның мәліметінше, бұған дейін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети