02 желтоқсан 2015 20:32

Ресейлік Су-24 ұшқышының нақты неден қаза тапқаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Anadolu © Anadolu

Сот-медициналық сараптама жасаған мамандар ресейлік Су-24 бомбалаушысының ұшқышының қалай қаза тапқанын анықтады, - деп хабарлайды LifeNews құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.


Сот-медициналық сараптама жасаған мамандар ресейлік Су-24 бомбалаушысының ұшқышының қалай қаза тапқанын анықтады, - деп хабарлайды LifeNews құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, ұшқыш Олег Пешковтың денесіне сегіз оқ тиген. Оның төртеуі жанама оқ та, қалғандары дәл тиген, оқтар ұшқыштың өкпесін және ішастар қуысын тесіп өткен. Сонымен қатар, ұшқыштың денесінен көптеген жарақат пен ісік табылған. 

Дәрігерлер ұшқыштың дәл қай уақытта қаза болғанын да анықтады. Дереккөздің айтуынша, ол 24 қарашада таңғы 10.00 мен 11.30 аралығында қаза болған.  


© lifenews.ru

Еске сала кетейік, Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы Сирия-Түркия шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіру оқиғасынан кейін бұзыла бастады. Оқиға 24 қарашада болды. БАҚ мәліметінше, ұшақ түріктің F-16 жойғышының "әуе-әуе" түріндегі зымыраны арқылы атып түсірілген және Сирияда, Түркияның шекарасына 4 шақырым жерге құлаған. Ұшқыштардың бірі тірі қалды. РФ Әуе күштері Бас штабы шабуылға ұшыраған Су-24 бомбалаушысының Түркияның әуе кеңістігін бұзбағанын мәлімдеді және бұл мәліметтің сириялық әуе қорғанысының мәліметтерімен расталатынын алға тартты. Ал Түркия ұшақтың шекараны бұзғанын айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети