26 желтоқсан 2016 20:53

Ресейлік Ту-154 лайнерінің апатқа ұшыраған сәті видеоға түсірілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости© РИА Новости©

Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметі Ту-154 апатының тергеуінің алдын-ала қорытындысын жариялады, сондай-ақ апат орнындағы іздестіру операциясының барысы жайлы есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметі Ту-154 апатының тергеуінің алдын-ала қорытындысын жариялады, сондай-ақ апат орнындағы іздестіру операциясының барысы жайлы есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейлік ФҚҚ Ту-154 ұшағы құлаған сәт бейнеленген видеоның бар екенін айтып отыр. Сонымен қатар, апаттың куәгерлері анықталыпты.

Ведомствоның хабарламасына қарағанда, теракт жасау немесе әуе кемесінің бортында диверсия жасау мүмкіндігі жоққа шығарылады. Ту-154 апатының негізгі себебі деп сапасыз отын аталып отыр. Оның салдарынан қуат жетіспей, қозғалтқыштар істен шыққан. Сонымен қатар, тағы айтылып отырған себептер - ұшу қателігі, ұшақтың ақауы немесе қозғалтқышқа бөтен заттың түсуі.

Оқиға орны - Қара теңіздің жағалауынан 1,5 шақырым тұста. Онда қазіргі уақытта Ресей ТЖМ-інің құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. 

Сонымен қатар, әуе кемесінің ұшу жылдамдығы анықталды - сағатына 345 шақырым. Бұл осындай әуе кемелерінің түріне қалыпты жылдамдық деп есептеледі екен.  

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. Осыған байланысты 26 желтоқсан - Ресейде жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети