03 желтоқсан 2014 10:44

Ресейлік туристер ұшақ бортында жаға жыртысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©youtube.com/Иван Иванов ©youtube.com/Иван Иванов

Үндістанның Гоа штатынан Уфаға ұшып бара жатқан ресейлік туристер, ұшақ бортында жаға жыртысты. Төбелес 26 қарашада лайнердің бизнес-класында ұшақ жерден 10 мың метр биіктікке көтерілген кезде болған, - деп хабарлайды, YouTube-тегі видео авторы.


Үндістанның Гоа штатынан Уфаға ұшып бара жатқан ресейлік туристер, ұшақ бортында жаға жыртысты. Төбелес 26 қарашада лайнердің бизнес-класында ұшақ жерден 10 мың метр биіктікке көтерілген кезде болған, - деп хабарлайды, YouTube-тегі видео авторы.

Кадрда жолаушылардың бірі екіншісімен төбелескелі тұрғаны анық көрінеді. Аздап қызып алған күйде болуы мүмкін жігіттер бірін-бірі балағаттай бастайды. Біртіндеп ұрсыстың ақыры төбелеске ұласады.

Әуе компаниясы қызметкерлері мен жолаушылар жанжалды тоқтатып төбелес ұйымдастырғандарды екі бөлек салонға отырғызады.

"Менен видеоны өшіруімді өтінді, мен әуе компаниясы өкілдерінің алдында өшірдім де. Бұл оқиғаны сонымен ұмыт қалдыруға болар еді, бірақ бір жағдай болмағанда. Әуежайды әлгі құтырған жолаушы тағы екі мәрте төбелес шығарғысы келді. Бірақ әуежайдың қауіпсіздік қызметі араша түсті. Соңы не болды білмеймін", - деп жазады автор.

"Ұшақ бортында мұндай мінез-құлық көрсету дұрыс емес деп есептеймін. Сол үшін үйге келіп өшірілген видеоны арнайы бағдарлама көмегімен қайта қалпына келтірдім", - дейді пайдаланушы Иван Иванов.

Оқиға шамамен Nord Wind әуекомпаниясы ұшағының бортында болған. Life News телеарнасының хабарлауынша, жария болған бейнероликке қатысты Приволжье көлік прокуратурасы тексеру жүргізгелі жатыр.
 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети