04 қаңтар 2016 15:08

Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы шиеленістен мұнай қымбаттай бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ria.ru © ria.ru

Сауд Арабиясы мен Иранның арасындағы саяси шиеленіс мұнай бағасының көтерілуіне алып келді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Сауд Арабиясы мен Иранның арасындағы саяси шиеленіс мұнай бағасының көтерілуіне алып келді, - деп хабарлайды РИА Новости.

The Wall Street Journal мәліметінше, дүйсенбі күні мұнай бағасы 3 пайызға көтерілді. Соңғы мәліметтер бойынша, WTI маркалы мұнайдың баррелі Нью-Йорк тауар биржасында 38,32 долларға дейін көтерілді. Сонымен қатар, Brent маркалы мұнайдың ақпанға арналған фьючерсі Лондон сауда биржасы барысында 3 желтоқсан күні кешкі саудада 38,50 доллар межесіне жетті.

"Бұл Сауд Арабиясы мен Иран арасында демалыс күндері өршіген саяси шиеленіс пен мұнай жеткізуді тоқтату қаупі жайында болған ушығушылықтан кейін болды. Бұл шиеленістің өршуі мұнай бағасының таяу келешегіне оң ықпал етеді. Алайда нарық сұраныстың тепе-теңдігін қалыпқа келтіру мен тұрақты әрі ұзақ уақыт бойы қалыпқа келтіру ұсынысына мұқтаж", - деді Nomura Holdings басшысы Гордон Кван.

Оның айтуынша, егер шиеленіс күшейе түссе және мұнай бағасы өсе берсе, ол АҚШ пен Ресей сынды өндірісі жоғары елдерге мұнай өңдеуді арттыруға себепші болады.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы дүйсенбі күні Иранмен арадағы дипломатиялық байланысты үзді. Оған арабтардың 47 адамды өлім жазасына кесуі түрткі болды, олардың лаңкестікке қатысы болған. Араларында "әл-Каида" көшбасшыларының бірі бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети