Шешенстанға соғыс ашпақ болып қоқан-лоққы жасаған "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы белсенділерінің бірі - Омар аш Шишани өлді, - деп мәлімдеме жасады Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Шешенстанға соғыс ашпақ болып қоқан-лоққы жасаған "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы белсенділерінің бірі - Омар аш Шишани өлді, - деп мәлімдеме жасады Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Исламның жауы - Омар аш Шишани өлді. Оның шын аты - Тархан Батаришвили. Кім де кім Ресей мен шешен халқына қауіп төндіретін болса, Омар аш Шишанидің соңынан кетеді", - деп жазыпты Қадыров Instagram-дағы парақшасына. Осыдан біраз уақыт бұрын БАҚ-тарда лаңкестік ұйымның Ресейге шабуыл жасағылары келетіндігі туарлы ақпарат пайда болған еді. Bloomberg агенттігі таратқан мәлімет рас болса, Тархан Батаришвили әкесіне телефон арқылы "біз Ирак әскерін талқандадық және Мосулды жаулап алдық. Келесі кезекте – Ресей", - деп хабарлаған.
"Әке алаңдама, мен қайтып ораламын және орыстарға көрсетемін", - деген ұлының сөзін оның әкесі Темур Батаришвили журналистерге берген сұхбатында ашық айтқан. Бұрынырақта "Ислам мемлекеті" ұйымы соғыс өртін тұтандырғысы келетіндіктерін бейнежазба арқылы сан мәрте қайталаған. Ол жазбада террористер Сирияның Ракка провинциясындағы бір әскери әуежайдың маңында тұрғандары көрініп тұрды. Сонда бір содыр Ресей президентіне "Біз Шешенстан мен Кавказды Ресейден босатып, онда "Исламдық халифат" құрамыз", - деген болатын. Рамзан Қадыровтың содырларға мінез көрсеткені сол кез.
Естеріңізге сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Мысырдағы "Ансар Бейт аль-Макдис" жиһад ұйымымен бас қосқан. Ақпарат құралдары таратқан хабарға қарағанда, мысырлық исламдықтар "Ислам мемлекетінің" көшбасшысы Абу Бакру аль-Багдадиге бағынуға дайын екенін мәлімдеген үнтаспа әлеуметтік желілерде жарияланған.